Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Integra Construction KZ 2025 жылы Қазақстанның темір жолдарын күрделі жөндеу бойынша жол төсеу жұмыстарын аяқтады
| Жаңалықтар

Integra Construction KZ 2025 жылы Қазақстанның темір жолдарын күрделі жөндеу бойынша жол төсеу жұмыстарын аяқтады


Integra компаниясы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен жасалған келісімшарттар аясында теміржолдарды күрделі жөндеу жобасын іске асыру барысында жаңа рельс-шпал торын (РШР) төсеу жұмыстарын аяқтады.

Соңғы технологиялық «толаскезі» кезінде Батыс дирекциясының командасы «Шиелі – Ақмая разъезі – Екпінді разъезі» аралығында ұзындығы 0,9 шақырым рельс-шпал торын төсеу жұмыстарын орындады.

Бұған дейін Солтүстік дирекциясы төсеу жұмыстарын белгіленген мерзімде сәтті аяқтаған болатын.

Осы жылы жол жөндеу кезеңінде Integra жалпы ұзындығы 188,8 шақырым теміржол учаскесін жаңғыртты, оның ішінде:

• 97,2 шақырым– Солтүстік дирекция (Ақмола және Қостанай облыстарында);

• 91,5 шақырым– Батыс дирекция (Қызылорда және Атырау облыстарында).

Айта кетейік, жыл сайынғы күрделі жөндеу жұмыстары Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды бөлігі болып табылады.

Барлық қатысушыларды төсеу жұмыстарының аяқталуымен құттықтаймыз және 2026 жылы жаңа өндірістік жетістіктерге жетуді тілейміз!

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz