Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Integra Construction KZ Түркістан облысында «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісін салу жобасын жүзеге асыруда
| Жаңалықтар

Integra Construction KZ Түркістан облысында «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісін салу жобасын жүзеге асыруда


152 шақырымдық жаңа теміржол магистралі Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстырады.

Бұл маңызды инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылуда және республиканың көлік-транзит әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған.

Жаңа теміржол желісі «Сарыағаш – Ташкент» қолданыстағы учаскесінен жүк тасымалдарын жаңа тармаққа қайта бағыттап, «Сарыағаш» станциясын босатуға және Өзбекстанға экспорттық тасымалдарды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны Integra Construction KZ компаниясының Шымкент қаласындағы филиалы жүзеге асырады. Жолдың үстіңгі құрылымын компанияның Батыс дирекциясының командасы орындайды.

Фото дереккөзі: primeminister.kz

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz