Жаңа мектеп заманауи талаптарға сай салынған және қажетті барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Мұнда пән кабинеттері, 2 спорт залы, зертхана кабинеттері, шеберханалар, кітапхана, 375 орындық асхана, хореография залы мен 324 орындық акт залы, коворкинг аймақтары қарастырылған.
3 қабатты ғимаратта 358 оқу кабинеті орналасқан. Барлық кабинеттер заманауи интерактивті тақталармен және әдістемелік құралдармен жабдықталған.
Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы лифттер, пандустар, кең дәретханалар және инклюзивті білім беру кабинеттері жабдықталған.
Айта кетейік, Integra Construction KZ ЖШС «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл елімізде 15 заманауи мектептің құрылысын қолға алған. Бүгінгі күнге дейін олардың 7-ші аяқталып тапсырылды. Соның ішінде Астанада – 3, Таразда – 2,Шардарада-1, Көкшетауда – 1 мектеп салынып тапсырылды.
Осы тамаша сәтте барша Көкшетау тұрғындарын Жаңа жылмен және жаңа жайлы мектептің ашылуымен құттықтаймыз!