Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Integra Construction KZ техникалық паркін толықтыруда
| Жаңалықтар

Integra Construction KZ техникалық паркін толықтыруда


Компания «Синара – Көлік машиналары» тобымен арнайы жол техникасын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Келісім аясында Integra Construction KZ екі УК-25/25 жол төсегіш кранын және кабинасы бар моторлы платформаны (МПК) алады.

«Калугапутьмаш» зауытында өндірілген бұл техника Қазақстан аумағында теміржол жолдарын күрделі жөндеу және жаңа теміржол желілерін салу барысында қолданылады.

Айта кетейік, қазіргі таңда компания ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда, соның ішінде:
• «Достық – Мойынты» бағыты бойынша 836 км екінші жол құрылысы,
• «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің 152 км,
• «Қызылжар – Мойынты» теміржол желісінің 323 км құрылысы жүргізілуде.

Тараптар бұған дейін де серіктес болған: 2022 жылы Integra Construction KZ 40 дана ВПМ770 хоппер-дозаторларын сатып алған болатын.

© 2009-2025 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz