4-ші - 14-ші маусым аралығында компания ISO 9001, 14001 және 45001 халықаралық менеджмент стандарттарына сәйкестігіне қайта сертификаттау аудитінен сәтті өтті.
Еуропадан келген тәуелсіз сарапшылар орталық аппараттың, Оңтүстік және Солтүстік дирекциялардың, сондай-ақ жүк көтергіш механизмдерді жөндеу басқармасының жұмысын тексерді.
Аудит барысында:
* "Қарағалы-Басағаш" аралығындағы жолды күрделі жөндеу бойынша технологиялық «толазкесі» тексерілді
* "Бескөл-Достық" және "Достық – Мойынты" т/ж учаскесінің екінші жолдарды салу бөліктері тексерілді
Integra Construction KZ үшін ISO сертификаттары тек формальдылық емес, бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты дамуды арттыруға арналған құрал болып табылады.
Жыл сайынғы аудиттен өту Компанияның сапа, қауіпсіздік және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың халықаралық стандарттарына бейілділігін растайды.
Болашақта компания сертификаттау саласын кеңейтіп және барлық филиалдарды қамтуды жоспарлап отыр.