Компания ISO 9001 (сапа менеджменті жүйесі), ISO 14001 (экологиялық менеджмент) және ISO 45001 (еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау) талаптарына сәйкестігі бойынша қадағалау аудитінен сәтті өтті.
Тексеруді еуропалық сертификаттау компаниясының сарапшылары жүргізді. Аудит орталық аппараттың, Оңтүстік дирекция филиалының, Солтүстік дирекцияның жүк көтергіш механизмдерін жөндеу басқармасының, сондай-ақ «Алматы айналма жолы» жобасының жұмысын қамтыды.
Integra Construction KZ халықаралық сертификаттауды формальдылық емес, басқарудың және орнықты дамудың тиімді құралы ретінде қарастырып, жоғары стандарттарды ұстануды тұрақты түрде жалғастырып келеді.
Компания аудиттің сәтті өтуіне негіз болған филиалдар мен орталық аппарат бөлімшелерінің ұжымдарына кәсібилігі, жауапкершілігі және күнделікті жұмысына адалдығы үшін алғыс білдіреді.