Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Тараз қаласында «Integra Construction KZ» ЖШС тағы бір 1200 орындық жайлы мектептің кілтін тапсырды!
| Жаңалықтар

Тараз қаласында «Integra Construction KZ» ЖШС тағы бір 1200 орындық жайлы мектептің кілтін тапсырды!


Тараз қаласының 15-ші шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған бұл заманауи мектептің ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, оқушылар мен тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Бас мердігер «Integra Construction KZ» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша бас директорының орынбасары Мадияр Саттыбаев жаңа мектептің директорының міндетін атқарыушысы Саулет Бейсенбайды құттықтап мектептің символикалық кілтін тапсырды.

Сонымен қатар, мерекелік жиынға Integra Construction KZ Шымкент филиалының жоба басышы Мағжан Оспанхановта қатысты.

64 кабинеті бар бұл үш қабатты мектеп заман талабына сай жабдықталған. Оның ішінде 6 жаңа модификациялық сынып, шеберханалар, акт залы, кітапхана, асхана, екі спорт залы, би залы, коворкинг аймақтары қарастырылған. Барлық кабинет қажетті әдістемелік құралдармен, интерактивті тақталармен жабдықталған.

Айта кетейік, «Integra Construction KZ» ЖШС биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде 15 заманауи мектептің құрылысын жүргізіп, қазіргі уақытта төртінші мектепті тапсырып отыр. Атап айтқанда, Астана қаласында екі мектеп, ал Тараз қаласында тағы екі мектеп пайдалануға берілді.

© 2009-2024 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz