Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба аясында мектептің құрылысын жүргізген бас мердігер – Integra Construction KZ ЖШС-сы тағы бір 1200 оқушыға арналған жайлы мектепті бітірді.
Мектептің салтанатты ашылу шарасына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мерекелік жиынға қатысып, барлық оқушылар мен қала тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін айтып құттықтау сөз сөйлесе, бас мердігер Integra Construction KZ бас директоры Данияр Рахимтаев жаңа мектептің директоры Фарида Шортанбекованы құттықтап мектептің символикалық кілтін тапсырды.
Сондай-ақ, салтанатты іс-шараға бас мердігер Integra Construction KZ бас директордың әлеуметтік жобаларды салу жөніндегі орынбасары Мадияр Саттыбаев, Шымкент қаласындағы филиалының директоры Батырбек Әшірбаев мерекелік жиынға қатысты.
Мектеп ғимараты толықтай заманауи үлгіде салынып, қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, мұнда заманауи пән кабинеттері, 2 спорт залы, асхана, зертхана кабинеттері мен шеберхана, кітапхана және хореография залы қарастырылған.
Бұл жобаның құрылысын Integra Construction KZ ЖШС-сы Шымкент қаласындағы филиалы жүзеге асырды, құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қазан айында басталған болатын.
Айта кетейік, 2024 жылы компания еліміздің түкпір-түкпірінде 15 заманауи мектеп салуды жоспарлап отыр: Астанада, Таразда, Қызылорда, Кокшетауда және Түркістан облысында.