Бұл ауқымды жоба China Harbor Engineering Co. консорциумымен және «Integra Construction KZ» ЖШС-мен жүзеге асырылуда.
Портта 24 гектар аумақты тазарту жұмыстары аяқталды, ал нысанға 313 мың тоннадан астам топырақ жеткізілді. Тік жоспарлау жұмыстары 65%-ға орындалды.
100-ден астам арнайы техника мен тәулік бойы екі ауысымда, әрқайсысы 12 сағаттық жұмыс құрылыс жұмыстарының толық бақылауын және динамикасын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі контейнерлік хабтың құрылыс барысын бақылауда. Теміржол және су көлігі комитеті барлық процестердің үйлестіруіне қатысып, жобаның белгіленген стандарттар мен мерзімдерге сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті.