Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Integra Ыстықкөлде санаторий салуда: ашылуы 2026 жылға жоспарланған
| Жаңалықтар

Integra Ыстықкөлде санаторий салуда: ашылуы 2026 жылға жоспарланған


Ыстықкөлдегі танымал курорттық аймақ Бостері ауылында жаңа санаторийдің құрылысы жалғасуда. Демалыс орны құрылысы жыл соңында аяқталады деп жоспарланған. Іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілгеннен кейін кешен алғашқы қонақтарын қабылдай алады. Жоба өңір үшін тек медициналық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызға да ие.

Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталды. Санаторий кешенінде 69 нөмір бар, бір қабаттан төрт қабатқа дейінгі аралықта салынатын негізгі ғимарат кіреді. Сонымен қатар кешен аумағында 16 стандартты нөмірге арналған сегіз коттедж, сондай-ақ премиум санаттағы екі коттедж бой көтеруде.

Құрылыс алаңында негізгі монолитті процесс аяқталып, кірпіш қалау жұмыстары бітуге шақ қалды. Коттедждердің әйнектеу жұмыстары толықтай жүргізілген. Қазіргі таңда инженерлік желілерді тарту және сыртқы коммуникацияларды орнату жұмыстары орындалуда.

Сауықтыру кешенінде түрлі емдік бағдарламалар қарастырылған. Мұнда отбасылық демалыс үшін барлық жағдай жасалмақ. Жоба өңірде медициналық және әлеуметтік туризмді дамытуға бағытталған.

Құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін, санаторий Қырғызстан тұрғындарына ғана емес, шетелдік қонақтарға, соның ішінде Қазақстаннан келетін туристерге де қолжетімді болады.

Жобаның бас мердігері – Қазақстан Республикасында мәдениет пен спорт нысандарын жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар Integra компаниясы. Ал құрылысты компанияның Қырғызстандағы филиалы жүргізуде.

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz