Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
25 маусымда Көкшетауда Integra Construction KZ салған тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
| Жаңалықтар

25 маусымда Көкшетауда Integra Construction KZ салған тұрғын үй кешені пайдалануға берілді


Кешен Вернадский және Ашимов көшелерінің қиылысында орналасқан. Аталған аудан дамыған инфрақұрылымымен, ыңғайлы көлік қатынасымен және маңызды әлеуметтік нысандарға жақындығымен ерекшеленеді. Аула аумағы абаттандырылған: балалар және спорт алаңдары, демалыс орындары, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген, автотұрақтар қарастырылған.

Тұрғын үй қоры екі бес қабатты үйдегі 90 пәтерден тұрады. Барлық пәтерлер таза әрлеумен тапсырылып, қоныстануға толықтай дайын.

Құрылысты Integra Construction KZ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында өз қаражаты есебінен жүзеге асырды. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен мемлекеттік құрылымдармен тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, мемлекеттік орган өкілдері, Integra Construction KZ компаниясының стратегиялық жобалар жөніндегі бас директорының орынбасары Алибек Қайролла, серіктестер мен жаңа қоныстанушылар қатысты.

Айта кетейік, жаңа кешеннің болашақ тұрғындарының арасында Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев те бар.

© 2009-2025 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz