Skip to main content
Біз қоғамның
игілігі үшін саламыз
Астанада 280 орындық жаңа балабақша салынуда
| Жаңалықтар

Астанада 280 орындық жаңа балабақша салынуда


Integra компаниясы 280 орындық балабақшаның құрылысын жалғастыруда. Нысан Астана қаласында А. Байтұрсынов көшесінде, ораналасқан. Мекемеде оқыту, дамыту және қауіпсіздік үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалады. Ғимаратта оқу, ойын бөлмелері, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарына арналған бассейн ашылады.

Нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың 20 желтоқсанында басталды. Ғимараттың іргетасы қаланып, қада қағу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда монолиттік жұмыстар жүргізіліп, ғимараттың тік көтергіш конструкциялары орнатылуда. Құрылыс бекітілген кестеге сәйкес, жоспарлы режимде жұмысын жалғастырып келеді. Қазір мамандар негізгі темірбетон конструкцияларын тұрғызып, жалпы құрылыс жұмыстарын атқаруда. «Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Құрылыс алаңына 44 маман жұмылдырылған. Олардың қатарында инженерлік-техникалық қызметкерлер, жұмысшылар, техникалық қадағалау өкілдері, күзет қызметі және көмекші персонал бар. Жобаға Integra компаниясының әлеуметтік нысандар құрылысы жөніндегі Дирекциясы жауапты.

Нысан әлеуметтік маңызы бар болғандықтан, қауіпсіздік мәселелер ерекше назарда. Алаңға кіргенді бақылау жүйесі жұмыс істейді, барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарын пайдаланады, еңбек жағдайлары бойынша нұсқаулар мен тексерулер тұрақты түрде жүргізіледі», — деп атап өтті жоба жетекшісі Мұхан Отарбаев.

«Ғимаратта халықтың аз қозғалатын топтары үшін лифтілер мен көтергіштер, бөлмелердің ыңғайлы жоспарлануы, қауіпсіз әрлеу материалдары, бассейн және дене дамуына арналған үй-жайлар болады. Сондай-ақ балалардың серуендеуі мен белсенді демалысы үшін іргелес аумақ абаттандырылады», - деді маман.

Айта кетейік, балабақша құрылысының тапсырыс берушісі - «Астана-20» мемлекеттік қоры.

© 2009-2026 «Integra Construction KZ» ЖШС барлық құқықтары қорғалған. | Сайтты әзірлеу: arctika.kz