Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Марапаттар мен жетістіктер

Астанада 11 наурызда өткен ХХХ Мерейтойлық экономика көшбасшыларын марапаттау салтанатында «Integra Construction KZ» ЖШС-ге Ұлттық бизнес-рейтингінің «САЛА КӨШБАСШЫСЫ-2015» марапаты табысталды. Сондай-ақ номинацияларда біздің қызметкерлер аталды: Казыбек Туржанов – Солтүстік дирекцияның Атқарушы директоры «Кәсіби еңбегі үшін» медаліне ие болды, Елена Энгель – Жол жөндеу жөніндегі Қарағанды дирекциясының экономика және еңбекақы бөлімінің бастығы – «Экономика мақтанышы» орденін иеленді. Алтын Керейкулова – Оңтүстік дирекцияның кадрлар бөлімінің бастығы «Жыл маманы - 2015» ұлттық сертификатымен марапатталды

1

«Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС Еуропалық сапа зерттеулері қоғамының (European Society for Quality Research - ESQR) марапатын алды. «International Diamond Prize for Excellence in Quality 2015»  халықаралық Сапа жөніндегі конвенция 2015 жылдың 9 желтоқсанында Венада (Австрия) өтті.

Іс-шара барысында Еуропаның, Азияның, Солтүстік, Оңтүстік Америка мен Африканың компаниялары, ұйымдары мен мемлекеттік мекемелері олардың өздері үшін, сондай-ақ жалпы қоғам үшін сапа мен экономикалық үдеріске адалдық саласындағы күш салуларына алғыс ретінде «International Diamond Prize for Excellence in Quality 2015» сапа жөніндегі марапаттарға ие болды. Сапа саласындағы ұмтылыстарды мойындау белгісі ретінде «Integra Construction KZ» өкіліне кубок және ESQR қоғамының ең жоғары марапаты болып есептелетін платина санатындағы сертификат табысталды.

1


2014 жылы «Integra Construction KZ» ЖШС «Қазақстанның үздік жұмыс берушісі «Сенім 2014» IV Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды және  «Ең озат өндірістік жұмыс беруші компания, қызметкерлер саны 2000-нан астам» («Лучшая производственная компания-работодатель с численностью свыше 2000 сотрудников») номинациясында 1 дәрежелі марапатқа ие болды.

Senim1
Senim2
Senim3


sapa



HR

© 2018 «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Барлық құқықтар қорғалған. https://arctika.kz
Тел.: +7 (7172) 69 55 22; Email: inbox@inconkz.com; Мекенжай: Астана қ., Сол жағалау, Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Please publish modules in offcanvas position.