Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Компания

Сіз осындасыз:Бас бет/Компания

«Integra Construction KZ» ЖШС темір жолдарды, автомобиль жолдарын салуға, қайта құру мен жөндеуге және көлік-логистикалық кешеннің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруға маманданған.

«Integra Construction KZ» ЖШС – магистралды, өнеркәсіптік және кірме темір жолдардың жоғарғы жол құрылыстарын қайта құруды және оларды жөндеудің барлық түрлерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы ірі кәсіпорын, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа темір жол желілерінің бірінші салушысы.

Компания заманауи құрылыс техникасы мен жабдығының толық кешеніне ие, аттестацияланған құрылыс зертханасына, ұсақтас өндіретін зауытқа, кәсіпқойлар командасына ие және Ақтөбе рельс-арқалық зауыты кейпіндегі сенімді серігі бар.

Компания Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде жоғары деңгейдегі сапалы әрі оперативтік жұмысты жүзеге асырады.

Компанияның тарихы

1998 ж. – «Қазақстан темір жолы» РМК 1998 жылғы 23 маусымдағы №527 бұйрығымен «Ремпуть» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құрылды.

1999 ж. – ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы қаулысымен «Ремпуть» ЕМК құрамынан 10 жол машина стансасын (ЖМС) және Жоламан ұсақ тас зауытын бөліп алу жолымен «Ремпуть» ААҚ құрылды.

2001 ж. – «Ремпуть» ЕМК «Жол жөндеуші» ААҚ болып қайта құрылды.

2002 ж. – «Жол жөндеуші» ААҚ мемлекетке тиесілі акциялар пакетінің 100% "»Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталына берілді.

2004 ж. – «Жол жөндеуші» ААҚ «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ құрамынан бөлініп шығып, меншіктің жеке түріндегі кәсіпорын болып қайта құрылды.

2005 ж. – акционердің 2005 жылғы 14 сәуірдегі шешімі бойынша «Жол жөндеуші» ААҚ «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС болып қайта құрылды.
Компания қызметтеріне негізінен тапсырыс беруші «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ болып табылады. Серіктестік жыл сайын магистралдық темір жол желілеріндегі жолдың жоғарғы бөлігі құрылысының күрделі орта және күшейтілген орта жұмыстары бүкіл жұмыс көлемінен 70%-ын орындайды.

© 2018 «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Барлық құқықтар қорғалған. https://arctika.kz
Тел.: +7 (7172) 69 55 22; Email: inbox@inconkz.com; Мекенжай: Астана қ., Сол жағалау, Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Please publish modules in offcanvas position.