Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

«Жол жөндеуші» ЖШС-де қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында төмендегі тармақтар бойынша OHSAS 18001:2007 «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджментінің жүйелері. Талаптар» стандарты бойынша елеулі әрі жауапты жұмыс жүргізілуде:

- өндіріс орнында қауіпсіз әрі салауатты жағдайларды жасау және қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттар мен кәсіптік сырқаттардың алдын алу жөніндегі құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, сауықтыру, емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін әзірлеу әрі жүзеге асыру;

- еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыру, өндірістік бақылау мәліметтерін оперативтік талдау, тәуекелдерді бағалау және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға қатысты айқындалған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шараларды қабылдау;

- еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарды және санитарлық-сауықтыру іс-шараларын, Серіктестіктің еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері жөніндегі инвестициялық бағдарламасын және жұмыс орындарында санитарлық-сауықтыру іс-шараларын әзірлеу және олардың орындалуына талдау жүргізу;

- оқытуды жүргізуді, нұсқау беруді ұйымдастыру және бақылау және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің білімдерін тексеруді ұйымдастыру;

- Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде еңбек шарттары бойынша жұмыс орындарының аттестациялануын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;

- қолданыстағы белгіленген нормаларға сәйкес Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыскерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, сүтпен, емдеу-профилактикалық құралдармен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және бақылау.

IMG8283
IMG5793
IMG5799
IMG5804
IMG7133
-021
--
----1
----2

© 2018 «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Барлық құқықтар қорғалған. https://arctika.kz
Тел.: +7 (7172) 69 55 22; Email: inbox@inconkz.com; Мекенжай: Астана қ., Сол жағалау, Қонаев көш., 12/1, 16 УҚ (карта)

Please publish modules in offcanvas position.